Садыкова Шолпан Сауатбековна, Алматы қ-ғы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, ҚазҰМУ – да «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірген. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында инфекционист болып жұмыс істеген. 2005ж бастап Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығында иммунология зертханасында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2007ж бастап – Терапия мамандығы бойынша интернатура кафедрасы, 09.2007ж-н – Терапия мамандығы бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасының ассистенті, кейін ҚазҰМУ №1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының доценті болып жұмыс атқарды. 2010ж «Аллергология және иммунология» мамандығы бойынша «Созылмалы вирусты С және В гепатиттері кезінде ИЛ-1 және ИЛ-2-мен емдеу тиімділігін болжаудағы иммунологиялық көрсеткіштердің маңыздылығы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2010ж – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жоспары бойынша Израиль,Тель-Авив,«MSR» медициналық симуляциялық орталығында тренингке қатысты. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты ретінде - 2011ж “Рамбам” клиникасының Гастроэнтерология және гепатология институтында тағылым өтті. 2013-2017ж аралығында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ішкі аурулар департаментінің (оның ішінде 26 кафедра) оқу бөлімінің директоры болып жұмыс атқарды. 2016-2018 дейін №1 ішкі аурулар және гепатология курсымен кафедрасының меңгерушісі болды. Ресей медициналық үздіксіз кәсіптік білім беру академиясы (РМАНПО, Мәскеу), 2018ж қарашада біліктілігін арттыру курсын өтті. 09.2018ж - 2020ж – ҚРМУ оқу қызметі жөніндегі проректоры. 2020ж бастап – Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ректоры және басқарма төрағасы ретінде жұмыс атқарды. Ғылыми және кәсіби қызығушылықтарының негізгі бағыттары гастроэнтерология және гепатология (жүйелі патология ретіндегі созылмалы вирусты гепатит), клиникалық иммунология, инфектология (дифференциалды диагностика тұрғысынан). Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі– 0 жыл, жалпы өтілі–26 жыл. Марапаттары:2020ж «Алғыс хат»–ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 2021ж «Алғыс хат» – «Нұр Отан», С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ның қола медалі және алғыс хаттармен(ҚазҰМУ, №1 ҚКА). Халықаралық конгресстер: UEGW (Амстердам), EASL 2013 (Амстердам, 2015(Вена), 2016(Барселона), 2017(Амстердам),2019(Вена).AMEE(Польша,2019ж) – медициналық білім бойынша конференция. 2024ж тамыз айынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ішкі медицина кафедрасының меңгерушісі
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Алматы мемл.медицина инст. |
Жоғары |
1999 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
25.12.2010 |
0
құжаттар
0